Ең бастысы тыныштық - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ең бастысы тыныштық

444

Smiley face

Қарағанды облысының ДП жергілікті полиция қызметі басқармасы «Шанс» кәмелетке толмаған тұлғаларды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығы» үкіметтік емес ұйымымен меморандумға қол қойды. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, оларға әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету, соның ішінде өмірде қиын жағдайға тап болған, заңмен қақтығысқан және полицияда есепте тұрған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық үшін, деп хабарлайды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының аумағында 7-13 тамыз аралығында «ТҰРМЫС»  республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Полиция қызметкерлері отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында, соның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

«Шанс» орталығының қызметкерлері рейдтік іс-шараларға, кәмелетке толмағандар мен қолайсыз отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеруге қатысады. Сондай-ақ ерекше ұстау режиміндегі жабық типті арнаулы білім беру мекемелерінен оралған, пробация қызметінде есепте тұрған кәмелетке толмағандарды оңалтуға көмек көрсетеді.

Бүгінгі таңда облыс бойынша ювеналды полицияда 678 кәмелетке толмағандар, 730 қолайсыз отбасы есепте тұр, 37 адам ата-ана құқығынан айырылған, 24 адамның ата-ана құқығы шектелген.

Түнгі рейдтер барысында жыл басынан бері түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 3022 жасөспірім ұсталды. Олардың тарапынан 183 ұсақ бұзақылық фактісі анықталып, ата-аналары жауапқа тартылды.

Алкоголь өнімдерін заңсыз сатқаны үшін 422 әкімшілік бұзушылық және кәмелетке толмаған тұлғаларға темекі өнімдерін сатқаны үшін 298 факті анықталды. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін ойын-сауық мекемелерінің 89 иесі әкімшілік тәртіппен жазаланды.


Көзі: yunews.kz