Білім министрі қазақстандық оқулықтардан қателіктер тапты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Білім министрі қазақстандық оқулықтардан қателіктер тапты

444

Smiley face

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың және баспа басшыларының қатысуымен оқулықтар сапасы және мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Кеңес барысында министр оқулықтарды сараптау рәсімін және, жалпы алғанда,  «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жұмысын сынға алды.

«Жыл сайын оқулықтардың сапасы туралы айтылып келеді. Оқулықтардың сапасына байланысты халықтың наразылықтары көп. Біз бұл наразылықтармен келісуіміз керек. Шынында да, қателер мен мәселелер бар. Біреу оларды қате деп есептейді, енді біреуі техникалық қателік деп атайды, бірақ, қоғамды бұл қызықтырмайды. Біз оқулықтарды дайындайдамыз және жұмыстың сапасы мен тиімділігіне мән беруіміз керек" - деді Асхат Аймағамбетов.

Бүгінде оқулықтарды басып шығару жұмыстары аяқталып, оқулықтардың 40%-ы өңірлерге жеткізілді.

Білім министрі оқулықтарды өзі тексеріп, ағылшын, әдебиет, география және физика оқулықтарынан қателер кездестірді.

Министр оқулық авторларының жұмысын сынға алды: «Өте қарапайым, оңай қателер. Жауабы шешімге сәйкес келмейтін тапсырмалар бар. Аудармада көптеген қателер бар. Мұндай қате мүлдем жіберілмеуі керек. Біздің балалар мұндай оқулықтардан білім алуы керек. Жыл сайын осы қателер кездеседі. Бұл қашанға дейін қайталанады?».

Министр оқулықтардың сапасын жақсартудың 10 қадамын ұсынды:

  1. Мұғалімдерді іріктеп, арнайы курстар өткізу және оларды оқығандығы жайлы куәландыру. Қатысушылардың тұрақты базасын қалыптастыру. Сарапшылар мен пәндік комиссиялардың құрамына енетін сарапшыларды мәліметтер базасынан жасырын әдіспен таңдап алу;
  2. Оқулықтар авторларын курстан өткізу;
  3. Сараптама жүргізу процесін жақсарту. Сарапшылар тұрақты түрде оқулықпен жұмыс істей алатын арнайы платформа ашу;
  4. Электронды платформа арқылы баспаларға айтылған ескертулердің нәтижесін бақылау. Әр ескертуге нақты жауап болуы тиіс; 
  5. Оқулықтардың рецензиясымен жасырын жұмыс істейді. Оқулықтарды сараптау кезінде сарапшылар оқулықтың авторы кім екенін білмейді және осылайша құрастырушы тарапынан көрсетілетін қысымнан босатылады;
  6. Оқулықтарда қате жіберілген жағдайда, баспа өз қаражатына оқулықтарды алмастырады;
  7. Баспа қателерді жөндемеген жағдайда белгілі бір санкциялар қолданылады;
  8. Министрлік оқулықтардың өз бағасына жасалатын талдауды бақылауда ұстайды;
  9. Оқулықтардың көлемін кішірейтіу;
  10. Белгілі бір оқулықтардағы қате бағдарламаларды жөндеу. 

1 қыркүйектен бастап министрліктің сайтында EPUB форматындағы 1-10 сыныптарға арналған оқулықтардың электронды нұсқалары орналастырылады. Бұл білім алушыларға электронды құрылғылар арқылы оқулықтарды қолдануға және оқушы сөмкесінің салмағын жеңілдетуге мүмкіндік береді. 


Көзі: yunews.kz