Елордалық полицейлер Алматыға қашып кеткен алаяқты ұстады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елордалық полицейлер Алматыға қашып кеткен алаяқты ұстады

444

Smiley face

 

​ Нұр-Сұлтан қ. Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы қаласының аумағында елорданың әйел тұрғындарына қатысты бірнеше алаяқтық жасағаны, және автокөлік ұрлағаны үшін іздеуде жүрген 34 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.

Полицейлердің айтуынша, ұсталған күдікті төрт алаяқтық фактісін жасады деген күдікпен қамауға алынды. Ол негізінен жинақ ақшасы, жеке автокөлігі мен тұрақты табысы бар әйелдермен танысып, олардың сеніміне кіріп, содан кейін алдау және иландыру жолымен ірі сомаларды қарызға алған. Жеке қаражатын беріп қана қоймай, алданған әйелдер оған көмектесу және оның "бизнесін" қолдау мақсатында өз аттарына ақшалай несиелер де ресімдеген.

​ Осылайша, алдау және сенімге кіру арқылы күдікті әйелдердің бірінің 6 миллион теңгесін иемденіп кеткен. Бірнеше алданған әйелдермен ер адам жақын қарым-қатынаста болды және бірге тұрды.

Жасалған бірқатар алаяқтықпен қоса күдікті 2018 жылы автокөліктен 360 мың теңге тұратын алтын білезік ұрлап кеткен.

 Күдікті Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды, ол Астанаға жіберіледі.

Тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың бұрын жасалған басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Осыған байланысты,  Нұр-Сұлтан қ. Полиция департаменті күдіктінің құқыққа қарсы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қ. ПД-не жүгінуді немесе 8(7172)71-60-22, 71-63-29 телефондарына немесе 102 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.


Көзі: yunews.kz