Тапшылықпен күрес - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Тапшылықпен күрес

444

Smiley face

Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасы С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Басты міндет -қажетті медициналық мамандарды даярлау, деп хабарлайды оңтүстік астана әкімдігінің сайты.

"Бүгін Алматыдағы медициналық мекемелерде 300-ден астам дәрігер-педиатрлар, учаскелік терапевтер, жалпы практика және сәулелік диагностика дәрігерлері, анестезиолог-реаниматологтар, клиникалық фармацевттер, офтальмологтар, реабилитологтар, онкологтар, психиатрлар, акушер-гинекологтар және басқалары жетіспейді", - деп хабарлады Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қанат Тосекбаев.

Жалпы, бірінші жартыжылдықта қаланың медициналық мекемелеріне 817 дәрігер, мыңнан астам орта медициналық қызметкерлер келді.

Ағымдағы жылы Алматыға медициналық ЖОО-ның 308 түлегі мен медициналық колледждердің 200 түлегі бөлінді.


Көзі: yunews.kz