Әлеуметтік жауапты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Әлеуметтік жауапты

444

Smiley face

Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы елдің кәсіпорындарын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша "Парыз" байқауына қатысуға шақырады, деп хабарлайды "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметі.

"Парыз" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсы Мемлекет басшысының бастамасы бойынша 2008 жылдан бастап өткізіледі. Оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.

Үміткерлерді іріктеу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету, өтінімдерді қабылдау рәсімін оңтайландыру үшін конкурс екі кезеңде - өңірлік және республикалық деңгейде өтеді. Үміткерлер үшін конкурсқа қатысу тегін болып табылады.

Конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін жергілікті атқарушы орган қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның қарау қорытындылары бойынша өтінімдерді республикалық комиссияға зерделеуге жібереді, ол конкурс лауреаттарының атақтарын беру туралы шешім қабылдайды.

Жеңімпаздарды марапаттау 2019 жылдың желтоқсанында келесі номинациялар бойынша өтеді: "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын", "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын", "Үздік ұжымдық шарт", "Экологияға қосқан үлесі үшін". Гран-при жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік принциптерін іске асыруда жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.

Конкурс лауреаттары атақтары үш санат бойынша беріледі: шағын кәсіпкерлік субъектісі, орта кәсіпкерлік субъектісі, ірі бизнес субъектісі.

"Парыз-2019" лауреаттары осы атақ берілгеннен кейін үш жыл ішінде конкурстың эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.


Көзі: yunews.kz