Қарағанды облысының тәртіп сақшылары қала тұрғынынан 1940 жылы шығарылған «ТТ» тапаншасын тәркіледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағанды облысының тәртіп сақшылары қала тұрғынынан 1940 жылы шығарылған «ТТ» тапаншасын тәркіледі

444

Smiley face
Фото: Қарағанды облысының ПД Баспасөз-қызметі

          Облыстық Полиция департаментінің Криминалдық полиция және арнайымақсаттағы қызметкерлермен заңсыз айналымдағы қаруларды анықтау және тәркілеу мақсатында жүргізілген жедел-алдын алу іс-шаралары барысында 8-ші тамыз күні Қарағанды қаласының Волгодонской көшесінің бойында 34 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы «ВАЗ-3102» автокөлігі тоқтатылған. Көлікті қарау барысында магазинінде 8 патроны бар «ТТ» тапаншасы тәркіленіп алынды.

          Полиция қызметкерлері азаматтың не мақсатта қару алып жүргенін анықтауда.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 287 бабы 3 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

 

Қарағанды облысының ПД Баспасөз-қызметі


Көзі: yunews.kz