ҚТЖ теміржол вокзалдары мен пойыздарда күнделікті рейдтер жүргізеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ҚТЖ теміржол вокзалдары мен пойыздарда күнделікті рейдтер жүргізеді

444

Smiley face

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ қызметкерлерінен тұратын мобильді топтар Қазақстан бойынша күн сайын теміржол вокзалдары мен пойыздарда рейдтер өткізеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Ең алдымен, бұл шаралар билет алыпсатарлармен және билетсіз жолаушылармен күресуге бағытталған. Жергілікті жерлерде вокзалдар мен жолаушылар вагондарының санитарлық жағдайы тексеріледі. Жолаушылардың жайлылық жағдайларын жақсарту бойынша жедел шаралар қабылдануда.

Бұл рейдтерге ҚТЖ барлық бөлімшелерінің өкілдері қатысады  - жолаушылар тасымалы бөлімшесі, магистральдық желі, вокзалдар, әскерилендірілген теміржол күзеті қызметі және басқа да бөлімшелер.

"Оңтүстік" өңірлік филиалының бөлім бастығы Сұлушаш Бекбасованың айтуынша, мобильді топ күніне бірнеше рет Алматы-1 және Алматы-2 стансаларының вокзалдарын аралап, жылжымалы кесте бойынша адамдарды пойызға отырғызу кезінде олардың құжаттары мен билеттерін тексереді.

"Біз күн сайын кенеттен тексеруге шығып, барлық пойыздарды кезекпен тексеруге тырысамыз. Рейд барысында  сатып алған билетті заңсыз қайтадан сатқан  6 адамды әкімшілік жауапкершілікке тарттық. Шымкент стансасында билеттерді сатып алатын алыпсатар ұсталды", - дейді С. Бекбасова.

"Қазақстан темір жолы" ҰК " АҚ-да теміржол саласындағы проблемаларды шешу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, кең қоғамдық резонанс тудырған фактілер бойынша пәрменді шаралар қабылдануда.


Көзі: yunews.kz