Атырау облысында Зарослый кентіне электр қуаты қайтарылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырау облысында Зарослый кентіне электр қуаты қайтарылды

444

Smiley faceФото Атырау қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Атырау облысы Зарослый кентінің тұрғындары ендігі уақытта бірнеше жыл бұрын салынған үйлеріне қоныстана алатын болды.  Естеріңізге сала кетейік, бұрын белгісіз тұлғалар кенттегі барлық электр сымдарын, күштік кабельдерді және трансформаторлық жабдықтарды ұрлап кеткен болатын. Нәтижесінде адамдар өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Биылғы жылы өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасы бойынша ауыл тұрғындарының бұл мәселесін Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы жеке бақылауға алды.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазіргі уақытта елді мекенде қуаты 250 кВт болатын трансформатор уақытша орнатылған. Қазір «Атырау Жарық» АҚ жұмысшылары 23 және 25 көше тұрғындарының үйлеріне электр жарығын тартты, жарықты қосу жұмыстары жалғастырылатын болады.

«Зарослый кентінде электр желілерін қалпына келтіру бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Келесі жылы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған соң және  мердігерлік ұйым анықталғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстары басталады», - деп хабарлады Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың маусым айында Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы Зарослый кентінің тұрғындарымен кездесті, олар әкімге 2014 жылдан бастап электр жарығы жоқтығына шағымданды.


Көзі: yunews.kz