"ҚазАгро" шағын және тиімді қаржы институтына айналады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

"ҚазАгро" шағын және тиімді қаржы институтына айналады

444

Smiley face

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 15 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау аясында "ҚазАгро "Холдингі" ҰБХ" АҚ қызметінің тиімділігін арттыру және реформалау бойынша шаралар кешені қаралып, мақұлданды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, оның басшылығына нақты тапсырмалар берілді:

- "Қазагро" еншілес компанияларының санын қысқарта отырып, олардың арасындағы функциялардың қайталануын болдырмай, оларды функционалы бойынша айқын ажыратып, жинақы Холдингке айналдыру;

- Холдингтің басқару органдарына шетелдік сарапшыларды тарту;

- штатты оңтайландыру және Холдингтің операциялық шығыстарын қысқарту жөніндегі жұмысты жалғастыру;

- ауыл шаруашылығын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік қаражаттың тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету;

- ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін тиімді несие өнімдерін әзірлеу, несие беру процесін барынша автоматтандыру және несие өтінімдерін қарау уақытын қысқарту.

"ҚазАгро" басшылығы Үкіметті 10 жылдық кезеңге арналған еңбек өнімділігін және АӨК өнімінің экспортын арттыруға, жеке инвестициялар мен инновациялық технологияларды тартуға, сондай-ақ ауылда жаңа бизнес-бастамаларды дамытуға бағытталған Холдинг стратегиясының жобасын әзірлеу туралы хабардар етті.

Несие қоржынының сапасын жақсарту және тоқтап тұрған жобаларды сауықтыру бойынша шаралар топтамасы қабылданды.

Реформалар нәтижесінде Холдинг қысқа мерзімде жинақы және тиімді қаржы институтына айналады.

"ҚазАгро" өз қызметінің нәтижелілігін арттыруды және 2020 жылдың қорытындысы бойынша таза пайда алуды жоспарлап отыр.


Көзі: yunews.kz