Шымкентте мүгедектерге заңсыз салық салынды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шымкентте мүгедектерге заңсыз салық салынды

444

Smiley face

Прокурорлық тексеру нәтижесі бойынша Шымкент қаласында 433 мың азаматтың құқықтары қорғалды, деп хабарлайды қала прокуратурасының баспасөз қызметі.

Осылайша, мүмкіндігі шектеулі адамдар (мүгедектер) жылжымалы және жылжымайтын мүлікке салық төлеуден босатылды, алайда аталған тұлғаларға заңсыз салық салу фактілері анықталды. Бұзушылықтар прокуратура органдары араласқаннан кейін жойылды, заңсыз төленген салықтар кері қайтарылды. Осылайша 1200 мүгедектің құқықтары қорғалды.

Бұдан басқа, орта білім беру мекемелерінің мұғалімдерін профилактикалық медициналық қарап тексерумен қамтамасыз етпеу фактілері анықталды.

Нәтижелері Қаратау  аудандық прокуратурасымен қаланың Білім беру басқармасында жүргізілген тексеріспен анықталды. 17 879 мұғалімді профилактикалық медициналық қарап тексеру үшін бюджеттен 18,9 млн. теңге бөлінді.

Ал денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген  көлемі шеңберінде 3 мыңнан астам баланың медициналық тексеруден өтуі қамтамасыз етілді.

"Жеңіс" ЖШС белгілеген табиғи газ тарифін 1000 текше метрге 90 теңгеге дейін төмендетуге қол жетті. Осылайша  тағы 11 мың адамның құқықтары қорғалды.

Тарифті төмендету Шымкент қаласының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің департаментіне ұсыным енгізу жолымен жүргізілді.

Прокурорлық ықпал ету актісімен "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағында су бағасының 4,53 теңгеге дейін төмендеуі қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, Еңбекші аудандық прокуратурасының талабы бойынша Еңбек инспекциясы "Хлопкопром-Целлюлоза" ЖШС-не тексеру жүргізіп, нәтижесінде 118 қызметкерге 14 млн теңге көлемінде жалақы бойынша қарыз төленді.

 


Көзі: yunews.kz