Шаңнан шаршадық - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шаңнан шаршадық

444

Smiley face

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Біршоғыр ауылының тұрғындары шағыл  тас өндіретін кәсіпорынды ауылдан алшақ жерге тасымалдауды сұрайды.

Тиісті өтініштерді біршоғырлықтар барлық танымал пабликтерде орналастырды, сондай-ақ Шалқар ауданының әкімдігіне жолдады.

Авторлар өз хатында үнемі көтерілетін шаңнан әбден қажығандарын  айтады. Ол, белгілі болғандай, Біршоғыр маңында орналасқан құрылыс тасы мен шағыл  өндіретін компаниялардың өндірістік қызметінің нәтижесінде пайда болады. Мұнда кем дегенде 10  кәсіпорын орналасқан, олардың өндірістік қуаты жылына бірнеше ондаған мың текше метр өнімді құрайды. Бұл дегеніміз, тас ұсақтайтын жарылыстар ауылдың маңында үнемі орын алады.  Нәтижесінде қалың шаң ауылды жауып қалады, жергілікті тұрғындардың айтуынша, тыныс алу мүлдем мүмкін емес.

"Өндіріс ауылдан 3-4 шақырым жерде орналасқан. Кішкене жел тұрса болды, біз қалың шаңның астында қаламыз. Жарылыстардың салдарынан үй орнынан қозғалады. Бұрын мұнда туберкулезге қарсы шипажай болды, ал енді қазір – бомждардың қонақтайтын жеріне айналды! Біз өндірісті ауылдан алыс жерге әкетсін дегіміз  келеді", - дейді Біршоғырдың тұрғындары.

Біршоғыр ауылдық округі құрамына кіретін Шалқар аудандық әкімдігінде әзірге жағдайға түсініктеме берген жоқ.


Көзі: yunews.kz