«Эйр Астана» ұшақта темекі шеккені үшін айыппұлдың қатайтылғаны туралы хабарлайды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Эйр Астана» ұшақта темекі шеккені үшін айыппұлдың қатайтылғаны туралы хабарлайды

444

Smiley face

2019 жылғы сәуір айында ҚР Президенті Әкімшілік құқық бұзушылықтар Кодексінің «Темекі өнімдері мен электронды темекіні жеке қоғам орындарда тұтынуға тыйымды бұзу» 441 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізген болатын. Түзетулерге сәйкес Қазақстанда ұшақ бортында шылым шеккені үшін айыппұл мөлшері 50 АЕК құрады, яғни 126 250 теңге. 2015 жылы бұл 3 АЕК (5 946 теңге) құраған. Жаңа ережелер бойынша 2019 жылғы мамырдан бастап 26 жолаушыға шылым шеккені үшін айыппұл салынған.

2018 жылы 2015 жылмен салыстырғанда «Эйр Астана» бортында темекі шеккен жолаушылардың саны 34% өсіп кеткен, 123 оқиғадан 166-қа дейін. Ең жиі мұндай бұзушылық Алматы мен Ыстамбұл, Алматы мен Мәскеу және Алматы мен Киев арасындағы рейстерде орын алады.

Осыған орай «Эйр Астана» әуекомпаниясы ұшақ ішінде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы жолаушыларды ескертеді. Ұшу қауіпсіздігі компанияның ең басты құндылығы болып есептеледі. Ұшақ бортында ережелерді бұзғаны үшін барған елдің заңына сәйкес шара қолдануға жолаушылар құқық қорғау органдарына тапсырылады.

Басқа мемлекеттердің заңында әуе кемесінің бортында шылым шегу қоғамдық жерде шылым шегумен теңелмей, елеулірек заң бұзушылыққа жатқызылады. Мысалы, Ұлыбританияда ұшақ бортында шылым шеккендерге 2500 фунт айыппұл қарастырылса, Жапонияда айыппұл 500 мың иен құрайды (шамамен 4,8 мың АҚШ доллары).


Көзі: yunews.kz