Жол апаты: 24 адам зардап шекті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жол апаты: 24 адам зардап шекті

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Украинаның Житомир облысында шағын автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, 24 адам зардап шекті, деп хабарлады елдің Ұлттық полициясының облыстық басқармасының баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, шамамен сағат 13.10-да Житомир ауданында шағын автобус пен BMW автокөлігі соқтығысқан, нәтижесінде BMW өртенген.

«Шағын автобустың жүргізушісі мен 21 жолаушы, сондай-ақ жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы әр түрлі дәрежедегі жарақат алған. Қаза болғандар жоқ», - делінген хабарламада.

Оқиға орнында полицейлер жұмыс істейді, деп хабарлайды РИА Новости.


Көзі: Yunews.kz