Атырауда әкімдік қызметкерлері велосипед және басқа да ойын аттракциондарын Ақтаудағы теңіз жағалауынан қудалауда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырауда әкімдік қызметкерлері велосипед және басқа да ойын аттракциондарын Ақтаудағы теңіз жағалауынан қудалауда

444

Smiley face

Бұл фактіні ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті анықтаған. Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б. Балиұлына қатысты тәртіптік істі қаралды.

Ақтау қалалық әкімдігі қызметкерлері 14 А және 15 А шағын аудандарының жеке кәсіпкерлеріне қатысты учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп жүргізген мониторинг нәтижелерін Facebook әлеуметтік желісінде жариялау тәртіптік істі қозғау үшін негіз болды. 

«Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері кәсіпкерлік қызметке уақытша рұқсат беру тәртібі, балалар ойын ғимараттарын орналастыру және олардың саны «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңымен немесе басқа да нормативтік-құқықтық актілермен реттелмейтіндігін назарға ала отырып, істі тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұдан басқа, мониторинг барысында айтылған кемшіліктердің  жеткілікті дәлелдері жоқ», деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша баспасөз қызметі.

Еске саламыз, қала тұрғындары бірнеше жыл бойы жағалаудан барлық саудагерлерді алып тастауды сұрауда. Себебі кешке қарай жағалау жабайы базарға айналады, әсіресе кішкентай балалармен серуендеу мүмкін емес.


Көзі: Yunews.kz