Үндістанның оңтүстігінде муссон құрбандарының саны 35 адамға жетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Үндістанның оңтүстігінде муссон құрбандарының саны 35 адамға жетті

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Оңтүстік үнді Керала штатындағы муссон құрбандарының саны 35 адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости «India Today» журналына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметтері бойынша, 27 адам зардап шегіп, жеті адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Сондай-ақ, 40 адам ірі көшкіннен пайда болған сынықтар астында қалуы мүмкін. Кочин халықаралық әуежайындағы рейстер кейінге қалдырылды. Он тоғыз пойыз күшті нөсер салдарынан штатта тоқтатылды.

Маусым айының соңында Үндістанның оңтүстік және батыс аймақтарына муссондық нөсер келіп, бірқатар елді мекендердің су басуына алып келді. Мамандардың бағалауы бойынша, қазіргі муссон Үндістан үшін соңғы 10 жылдағы ең жойқын оқиғалардың бірі болды.


Көзі: Yunews.kz