Жаңа әскери білім алу үшін шетелге оқуға барады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жаңа әскери білім алу үшін шетелге оқуға барады

444

Smiley face

Шет мемлекеттердің әскери академияларына, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің магистратурасына және докторантурасына түсу үшін әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу жалғасуда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Іріктеуден Қазақстан армиясының 300 офицері өтуде. Қабылдау комиссиясы кәсіби білімін, моральдық-психологиялық және дене дайындығын бағалайды. Әр кезеңде рейтинг жасалады. Мысалы, егер үміткер бір кезеңде шекті деңгей алмаса, онда келесі кезеңге жол берілмейді. Қабылдау комиссиясында айтылғандай, кандидаттардың әскери қызмет өткеруі де назарға алынады, офицердің жауынгерлік даярлықтағы жетістіктері, сыныптық біліктілік деңгейі маңызды.

Іріктеу қорытындысы бойынша Қазақстандағы Ұлттық қорғаныс университетінде, сондай-ақ шетелдегі әскери академияларда оқитын үздік рейтингі бар әскери қызметшілерді таңдайды. Биылғы жылы Қазақстан Қарулы Күштерінің 53 офицері АҚШ-та, Түркияда, Ұлыбританияда, Ресейде, Германияда әскери академияларда, колледждерде және оқу орталықтарында оқуды аяқтады. Негізгі мамандықтар әскер түрлері мен тектерін, әскери бөлімдер мен құрамаларды, әскери, майдан, әскери-көлік авиациясын, байланыс әскерлерін, материалдық-техникалық және тылдық қамтамасыз етуді, сондай-ақ мемлекеттік саясатты, басқару мен халықаралық қатынастарды басқару салаларына қатысты болады.


Көзі: Yunews.kz