Қарағанды облысында судағы тәртіп бұзушылықтар үшін шамамен 2 млн теңге айыппұл салынған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағанды облысында судағы тәртіп бұзушылықтар үшін шамамен 2 млн теңге айыппұл салынған

444

Smiley face
Фото: пресс-служба ДЧС Карагандинской области

Қарағанды облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері күн сайын су айдындарында алдын алу іс-шараларын жүргізуде. Жыл басынан бері су айдындарында 2403 патрульдеу және 881 рейд жүргізілді. Полиция департаментімен бірлесе отырып, 141 тәртіп бұзушылық анықталып, ҚР ӘҚБтК 440 бабы бойынша 1 млн 780 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Жаз мезгілінде ең көп таралған құқық бұзушылықтар жабдықталмаған жерлерде шомылу, спирттік ішімдіктерді ішу, от жағу, жеке құтқару құралдарынсыз жүзу құралдарында болу сияқты бұзушылық түрлері болып табылады.

Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы XIII сессиясының №265 шешімімен Қарағанды және Приозерск қаласының аумағында суға шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су жинау, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмаған орындар анықталды. Осыған қарамастан, адамдар тыйым салынған жерлерде шомылуда. Суға шомылу маусымы басталғаннан бері 13 адам суға батып кетті.


Көзі: Yunews.kz