Қазақстан командасы Тараз қаласының әуежайына сәтті қонды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан командасы Тараз қаласының әуежайына сәтті қонды

444

Smiley face

Моңғолиядағы «Аравт» атты бірінші халықаралық марафонында екінші орын алған қарулы күштер командасын Тараз қаласының әуежайында құрметті қарсы алды. Салтанатты кездесуге «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басшылығы оркестрдің сүйемелдеуімен, сондай-ақ әскери қызметшілер мен отбасының қызметтестері қатысты.

«Үйге оралу ұзақ және күрделі болды. Біз әуежайға келіп, туған-туысқандарымыз бен қызметтестерімізді көргеннен кейін ғана қатты шаршағанымызды сезіндік. Қарулы Күштер басшылығына осындай жылы қарсы алғаны үшін алғыс айтқым келеді», деді команда жаттықтырушысы, бірінші сынып сержанты Мереке Сейсебаев.   

Еске саламыз, биыл халықаралық әскери ойындар аясында алғаш рет ат марафоны сайысы өтті. Жарыс «Таван Толгой» полигонында Моңғолия ҚК біріккен оқу орталығының аумағында өтті.

Қазақстаннан басқа, байқауға Қырғызстан, Моңғолия және Ресей әскери қызметшілері қатысты. Жарысқа байқаушылар ретінде Вьетнам, Зимбабве, Қытай, АҚШ және Оңтүстік Корея өкілдері қатысты, олар келесі жылы байқауға қатысуға дайын екендіктерін білдірді, деп хабарлады «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Smiley face


Көзі: Yunews.kz