Әзербайжанда ірі жол апаты орын алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Әзербайжанда ірі жол апаты орын алды

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Әзербайжанда екі автобус соғылып, салдарынан 19 адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости республиканың Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, ірі жол апаты Кюрдамир-Ширван жолында болған. Екі автобус пен жеңіл көлік соғылған.

«19 адам зардап шекті. Жараланған он адам Ширван қаласының орталық ауруханасына және тоғыз адам Кюрдамир орталық ауруханасына жеткізілді. Алты әйел, екі ер адам мен бала ауруханаға жатқызылды. Баланы Бакудегі травматология институтына, ал екі адамды клиникалық орталыққа ауыстыру туралы шешім қабылданды. Жарақат алғандарға қажетті көмек көрсетіледі», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінде.


Көзі: Yunews.kz