Полицияға тастар мен орындықтар лақтырған, ал олар жауап ретінде арнайы құралдар қолданды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Полицияға тастар мен орындықтар лақтырған, ал олар жауап ретінде арнайы құралдар қолданды

444

Smiley face

Араб-мұсылман қауымының 14 өкілі мен төрт израильдік полицей Иерусалимнің тарихи орталығындағы діни қасиетті ғибадатханадағы қақтығыста зардап шекті, деп хабарлады медицина қызметкерлері мен құқық қорғау органдары.

Жанжал мұсылмандар қауымының ұлық мерекесі - Ид әл-Адха (Құрбан айт) күніне тұспа-тұс келді. Жедел жәрдем бригадалары Иерусалим ауруханасына Әл-Акса мешітіндегі қақтығыстан зардап шеккен 14 адамды жеткізді, деп хабарлайды РИА Новости.

Полиция мәліметінде тәртіпсіздік барысында жеңіл жарақат алған төрт қызметкер туралы айтылған, олардың мәліметтері бойынша, қақтығысқа мыңға жуық адам қатысқан. Полиция қызметкерлеріне тобырдан тастар мен орындықтар лақтырып, ұлтшылдық ұрандар айтылған. Күштік органдар өкілдері бұған арнайы құралдарды қолдану арқылы жауап берген.

Иерусалимде орын алған қақтығыста 20-ға жуық адам зардап шеккен.


Көзі: Yunews.kz