Үндістанның үш штатында бірнеше жүз мың адам қауіпсіз жерге көшірілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Үндістанның үш штатында бірнеше жүз мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

444

Smiley face

Үндістанның оңтүстігіндегі Керала, Махараштра және Карнатака штаттарында нөсер мен су тасқыны салдарынан кем дегенде 147 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости елдің шұғыл қызметтеріне сілтеме жасап.

Олардың мәліметтері бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты Керала штаты қатты зардап шеккен. Мұнда соңғы үш күнде кемінде 67 адам қаза тауып, 160 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Штаттың бірқатар аймақтарында қауіптіліктің ең жоғары деңгейі жарияланды, оқу орындарында сабақтар тоқтатылды. Кочин халықаралық әуежайы - Кералы ең ірі және ең жүктелген әуе айлағы әлі де жабық.

Жалпы алғанда, су тасқыны орын алған аудандардың ішінен осы үш штатта бірнеше жүз мың адам эвакуацияланды. Үндістанның метеорологиялық департаменті хабарлағандай, бұл аймақтардағы нөсер жаңбыр әлі үш күн бойы тоқтамайды.


Көзі: Yunews.kz