Көктөбедегі өрт кезінде ер адамның мүрдесі табылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Көктөбедегі өрт кезінде ер адамның мүрдесі табылды

444

Smiley face
Фото: Facebook

Көктөбедегі өртті сөндіру кезінде өрт сөндірушілер ер адамның мүрдесін тапты, деп хабарлайды Алматы қаласы ТЖ департаментінің бастығы Серік Әубәкіров Facebook-тегі парақшасында.

«Қазіргі уақытта бірінші өрттен төмен, Диваев көшесі бойында 21-үйге қарама-қарсы шатқал арқылы шамамен 1000 шаршы метр аумақта қурап қалған ағаштың екінші өртенуі пайда болды, өрт сөндіру кезінде мүрде табылды, оның жынысы мен жеке басы анықталуда.  Өрттер өзара байланысты емес. Оны сөндіруге кірістік. Жерде жұмыс істейміз, өйткені авиация түнгі уақытта жұмыс істей алмайды», - деп жазды С. Әубәкіров.

Соңғы деректерге сәйкес, өрт сөндірілді. Өртенген жерге Алматы қаласының әкімі барды және тиісті тапсырмалар берді, деп хабарлайды С.Әубәкіров.

«Өртті сөндіру үшін жеке құрамнан 115 адам, 28 суарып жуатын машина және 15 арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды, сонымен қатар қаланың барлық азаматтық қорғау қызметтері жұмылдырылды, полиция қызметкерлері өрт болған жерді қоршауға алып, тұрғындарды туындаған қауіп жайлы хабардар етті. Жалпы алғанда өрт сөндірушілермен бірге осы учаскеде 1500-ге жуық адам жұмыс істеді. Қазіргі уақытта қаланың барлық қызметтері қайтарылды, ТЖД күштері ғана  қарауылға қалдырылатын болады», - деп жазды С. Әубәкіров Facebook-те.


Көзі: yunews.kz