Елорданың тұрғын алқабының тұрғындары ауыз су мәселесін шешуді сұрайды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елорданың тұрғын алқабының тұрғындары ауыз су мәселесін шешуді сұрайды

444

Smiley faceФото: акимат г. Нур-Султан

Қала әкімі Алтай Көлгінов «Көктал-1» және «Көктал-2» тұрғын алқаптарына барды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қ. ресми сайты. Мұнда 30 мың адам тұрады. «Нұрбесік» шағын ауданы тұрғындарының үйлері пайдалануға берілмеген. Бұдан басқа тұрғындар ауыз судың жетіспеу проблемасына тап болды: адамдар суды колонкадан алады.

 «Біз мұнда 2007 жылдан бастап өмір сүреміз. Бізде орталық сумен жабдықтау жоқ. Электр қуаты іркіліспен жұмыс істейді, кәріз де жоқ. Біздің шағын ауданның жанында мектеп қана бар, балабақшалардың барлығы жекеменшік. Көшелерде жарық жоқ, нөсер кәрізі де жоқ. Бізде тіпті үйдің құжаттары жоқ, ешқайда тіркеле алмаймыз», - деді «Нұрбесік» тұрғындары.

Үйлерді пайдалануға беру үшін жер телімдерін бөлу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «Көкталдан» 5 шақырым жерде орналасқан ООУ орман отырғызу учаскесінің тұрғындары да ауыз суға мұқтаж болып отыр. Тұрғындар балалар ойнайтын жердің жоқтығын, тіпті оларға далаға шығу қауіпті екенін айтады. Жаяу жүргінші өтпелері мен «жатаған полиция» белгіленбеген.

Жуық арада «Көктал-1» тұрғындарының ыңғайлылығы үшін жақын жерден №5 Отбасылық денсаулық орталығы ашылады. Медициналық мекеме күніне 150 адамды қабылдай алады. Жыл соңына дейін қалада тағы 4  жаңа орталық ашылады. Әкім мәселелердің бәрі бір күн ішінде шешілмейтінін атап өтті - Қоғамдық кеңесте тұрғын үй алқаптарының мәселелері қаралады, үш жылдық бюджет жобасына түзетулер енгізіледі. Бірде-бір мәселе егжей-тегжейлі зерделеусіз қалмайды.

Жалпы алғанда А. Көлгінов 11 тұрғын үй алқабына барды. Қалада 16 алқап бар, онда 280 мыңнан астам адам тұрады.


Көзі: yunews.kz