Арыс тұрғындары Кәсіподақтар федерациясынан жомарт сыйлықтар алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Арыс тұрғындары Кәсіподақтар федерациясынан жомарт сыйлықтар алды

444

Smiley face
Фото: Федерация профсоюзов РК

ҚР Кәсіподақтар федерациясы қайғылы оқиғадан шетте қалмай, Арыс қаласының инфрақұрылымын сәулет құрылыстарын салу арқылы қалпына келтіруге өз үлесін қосады.

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым Арыс қаласының басты қақпасының құрылысына капсула салып, қала тұрғындарына Қазақстанның кәсіподақ шипажайларында сауықтыруға жолдамалар табыс етті, ал қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай қала тұрғындары үшін түскі ас ұйымдастырылды.

Smiley face
Фото: Федерация профсоюзов РК

Және де Бақытжан Әбдірайым, кәсіподақтар болған қайғылы оқиғаға бей-жай қарамайтынын және арыстықтармен бірге қайғыратынын атап өтті.  Федерация өз тарапынан қала тұрғындарының денсаулығына алаңдаушылық білдіреді, осыған байланысты оларға шипажайлық-курорттық сауықтыру үшін кәсіподақ сертификаттары табыс етілді.

Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласында болған жарылыстардан кейін қаланы қалпына келтіру үшін 17 секторға бөлінген. Арыс қаласында барлығы 9 мың құрылысшы еңбек етуде, оның ішінде 7 мың адам қаланың тұрғын үй қорын қалпына келтіруде, қалғандары әлеуметтік нысандарды қайта жаңғыртуда.


Көзі: yunews.kz