Жерге көлемі Хеопс пирамидасындай астероид жақындап келеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жерге көлемі Хеопс пирамидасындай астероид жақындап келеді

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Көлемі Хеопс пирамидасымен тең ірі астероид тамыз айының соңында Жерге қарай жақындайды, деп хабарлайды РИА Новости. NASA деректеріне сәйкес, ғарыш объектісі тамыз айының соңында біздің планетаға жақындайды.

2019 OU1 астероидтың диаметрі – 160 метр, бұл әлем бойынша ірі египет  пирамидасынан 20 метрге биік екен.

28 тамызда 2019 OU1 Венераға қарағанда Жерге 40 есеге жақындайды. Бірақ  астероид планетаға қауіп төндірмейді – ол жермен миллион шақырымға жуық қашықтықта айырылып кетеді.

Алайда Жерге басқа астериодпен  - 2006QV89-бен кездесу қаупі төніп тұр. Еуропалық ғарыш агенттігінің (ЕҒА) мамандарының бағалауы бойынша, қақтығыс осы жылдың 9 қыркүйегінде болуы мүмкін.

Мұндай оқиғаның ықтималдығы  — жеті мыңнан бір мүмкіндік. Қазір  астероид Жерден шамамен  6,7 миллион шақырым қашықтықта.

Әлеуетті қатерлер тізімін 2010RF12 астероид  бастайды. Сарапшылар оның Жермен қауіпті жақындасуы 2095 жылы болады деп болжайды. Қақтығысу ықтималдығы — 16-дан бір мүмкіндік.


Көзі: yunews.kz