Болашақта Қарағандының триатлон саябағында Олимпиада Даңқ Аллеясы пайда болады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Болашақта Қарағандының триатлон саябағында Олимпиада Даңқ Аллеясы пайда болады

444

Smiley face

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағандыда триатлон саябағының құрылысы белсенді қарқынмен жүріп жатыр. Ашық аспан астындағы спорт нысаны Көгілдір тоғандар мен Оңтүстік-Шығыс шағын аудандарының арасында пайда болады. Ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жеке инвестициялар есебінен салынуда. Триатлон паркінде спортпен шұғылдануға арналған аймақтардан басқа, әлемдік аренада өнер көрсеткен Қазақстан мен облыстың атақты спортшыларына арналған спорттық Даңқ аллеясы да құрылмақ. Қарағандылықтар аллеяны безендіру дизайнын таңдауға қатыса алады. Әлеуметтік желілерде эскиздер халықтық дауыс беруге қойылады.
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов құрылыс алаңында болып, жұмыс барысымен танысты.
- Барлық жұмыстар кесте бойынша жүріп жатыр. Бірінші кезеңде бірінші қашықтық және 150 автомобильге арналған тұрақ аймағы ашылады. Бұл аумақ тамыз айының соңына қарай аяқталмақ. Дуатлон – жүгіру және веложарыс бойынша жарыстар өткізе аламыз. Қыркүйек айының соңына қарай екінші кезеңді аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деп хабарлады Eurasia Building ЖШС басқарма төрағасы Айдос Мұхатаев.

Smiley face
Фото: karaganda-region.gov.kz


Оның айтуынша, жолға арналған тартан жабыны, футбол және баскетбол алаңдары үшін жасанды көгал, сондай-ақ спорттық тренажерлерге тапсырыс берілген. Барлық жабдықтар жергілікті жерде өндірілген. Бұдан басқа, болашақ триатлон паркін абаттандыру жұмыстары да басталып кеткен. Қазіргі күнге дейін 800 ағаш отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жалғасуда.
Жарыс, велосипед және жаяу жүргіншілер жолдарынан басқа, жоба спорттың әр түрі: футбол, баскетбол, теннис және шахмат әуесқойлары үшін көптеген алаңдарды қамтиды. Воркаутерлер мен скейтерлер үшін де аймақтар жайластырылатын болады. Ал жасыл желектер арасында шағын хайуанаттар бағына орын табылды.

Smiley face
Фото: karaganda-region.gov.kz


Триатлон саябағының инфрақұрылымы халықаралық стандарттарға сай болады және Қарағандыда республикалық біріншіліктер өткіуге мүмкіндік сыйлайды, деп атап өтті жобаның бастамашылары. Нысан тапсырылғаннан кейін Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасының балансына беріледі.


Көзі: yunews.kz