Бүгін Каспий теңізінің халықаралық күні атап өтілуде - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Бүгін Каспий теңізінің халықаралық күні атап өтілуде

444

Smiley face

Бүгін, 12 тамыз күні Каспий маңы елдері Каспий күнін атап өтуде.  Бұл мереке 2007 жылдан бастап Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік Конвенцияның, басқаша айтқанда Тегеран конвенциясы күшіне енгеннен кейін атап өтіледі.  

Бүгінгі күні Түркіменстанда «Аваза» ұлттық туристік аймағында барлық Каспий маңы мемлекеттерінің қатысуымен алғашқы Каспий форумы басталды. Форум аясында түрлі тауарлар мен қызметтердің, инновациялық технологиялардың көрмесі, сондай-ақ қажетті порттық инфрақұрылымның, жаңа көлік бағыттарының және Каспий маңы мемлекеттерінің өзара ынтымақтастығының дамуын талқылау өтуде. 

Форум аясында Каспий өңіріндегі экономикалық ынтымақтастықты дамыту, ірі жобалар үшін жағдай жасау, Каспий өңірі экономикасының жаһандық контекстегі рөлі туралы пікірталастар, өзара қызығушылық тудыратын Каспий маңы мемлекеттерінің мұнай-газ, электр энергетикасы, көлік, сауда, агроөнеркәсіптік, туристік және басқа да экономика салаларындағы инвестициялық тартымдылық мәселелері қаралады.

Айта кету керек, 9 тамыз күні Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухаммедов Каспий теңізі институтын құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 12 тамызында Ақтауда Бесінші Каспий саммиті өтті. Бес Каспий маңы мемлекеттерінің Президенттері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияға қол қойды.

Саммитте сондай-ақ көлік, сауда-экономикалық ынтымақтастық, қақтығыстарды болдырмау туралы келісімдерге және Каспийдегі қауіпсіздік саласындағы келісімге хаттамаларға қол қойылды.


Көзі: yunews.kz