Қатты ашыққан Семей тұрғыны 14 таяқша кәуап ұрлап кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қатты ашыққан Семей тұрғыны 14 таяқша кәуап ұрлап кетті

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Полицияның кезекші бөліміне жазғы кафенің иесі арызданған, ол түнгі уақытта белгісіз тұлғалар оның сауда шатырының ішіне кіріп, бірден 14 таяқша кәуап және "чечел" ірімшігінің 4 қаптамасын ұрлап кеткенін хабарлады. Зардап шеккен адам келтірілген шығынды 13 750 теңгеге бағалады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы ерекше ұрлықты жасаған күдіктіні құрықтады. Ол бұрын сотталған 58 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

"Ер адам ұрлық жасауға алдын ала дайындалмағанын айтты. Алайда, шатырдың жанынан өтіп бара жатқанда, қуырылған еттің хош иісі сезіліп, оның тамақ жеуге деген құштарлығы пайда болған",- деп түсіндірді Семей қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл уақытта Семей қаласының басқа тұрғыны тұздалған тағамның дәмін татып үлгерген. 28 жасар ер адам жазғы асүйден қысқа дайындалған 9 банкі қияр мен нәрсуды ұрлап кеткен. Шығын сомасы 13 600 теңгені құрады.

Күдікті бірден ұсталды. Өз кінәсін жоққа шығармады, және өз қылмысын толық мойындады. Құқық қорғау қызметкерлері ұрланған заттың барлығын тәркіледі және үй иесіне қайтарып берді.

Аталған жайтқа байланысты "Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды.


Көзі: yunews.kz