Қостанай облысында жалған ақша жасаушылар 5 жылға сотталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қостанай облысында жалған ақша жасаушылар 5 жылға сотталды

444

Smiley face
Фото из открырытх источников

Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жалған ақша жасаушылар ісін аяқтады, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

Қостанай облысы бойынша ЭТД қызметкерлері хабарлағандай, үш ер адам 2018 жылдың ішінде өңір аумағында 500 евро номиналы бар жалған банкноттарды сатқан. 500 еуролық ақша белгісін қорғау құралдары ішінара имитацияланған. Бұл ақша банкноттары арнайы сіңіретін ультракүлгін жарықты қағазда жасалған, беттік жағы  өңделу сипаты бойынша купюра үлгісінің қағазына сәйкес келмейді. Ұсталған кезде олардан 223 000 ресей рублі және 8 000 000 теңгеден астам қаржы тәркіленді.

Тергеу нәтижелері бойынша күдіктілерге  ҚК-нің "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жалған ақшаны дайындау, сақтау және өткізу" және "Алаяқтық" баптарымен қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін айып тағылды.  

Сотқа дейінгі тергеу және сот талқылауы барысында айыпталушылар  өз кінәсін толық мойындап, жасаған істеріне өкініш білдірді.

Сот үкімімен кінәлі тұлғаларға 5 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оларға барлық жаза мерзіміне пробациялық бақылау белгіленеді. Олар бүкіл мерзім бойы олардың мінез-құлқын бақылайтын мемлекеттік органды хабардар етпестен тұрақты мекенжайын және жұмыс орнын ауыстырмауға  міндетті. Оларға бар, дәмханалар, мейрамханалар, түнгі клубтар және басқа да көңіл көтеру орындарына баруға тыйым салынады. Сондай-ақ тұрғылықты жерінен сағат 22.00-ден 06.00-ге дейін кетуге, рұқсатсыз басқа жерлерге шығуға тыйым салынады.

Қылмыскерлерден ұсталған кезде алынған жалған ақшалар жойылуға жатады.


Көзі: yunews.kz