Павлодар полицейлері 80-нен астам наркограффитиді бояды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Павлодар полицейлері 80-нен астам наркограффитиді бояды

444

Smiley face
Фото: ДП Павлодарской области

Павлодарлық полицейлер Павлодар қаласының көшелері мен аулалары бойынша наркограффитиді бояу бойынша тұрақты түрде велорейдтер өткізуде.

Бүгінгі күні есірткі сататын сайттардың жарнамалары ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Есірткі саудагерлері есірткі заттарын сату үшін әртүрлі амалдарға барады, трафарет жазбалары мен граффити салу арқылы интернет-дүкендердің сайттарын жарнамалайды. Павлодар қаласының полицейлері ыңғайлы болу үшін екі дөңгелекті көлік құралдарына отырып қаланың көшелері мен аулаларын аралап, жарнама жазбаларын іздестіреді және оларды бояйды. Соңғы рейд барысында тәртіп сақшылары 80-нен астам қауіпті жазуларды жойды.

Smiley face
Smiley face
Smiley face
Фото: ДП Павлодарской области


Көзі: yunews.kz