Әзіл әлемі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Әзіл әлемі

444

Smiley face
Фото: Yunews.kz

Жексенбі күні кешке кеншілер астанасында Орталық Қазақстанның үздік әзілкештері жиналды. Қарағанды, Нұр-Сұлтан және Теміртаудың 10 түрлі жанрдағы әртістері сахнада кездесіп, Қарағанды жұртшылығын сапалы әзілмен қуантып қана қоймай, сонымен қатар бас жүлде – 50000 теңге үшін күш сынасты

Әзіл-сықақ кешін Yu.vlog жобасының өкілі Рустам Әбілдин ашты, ол қонақтарды әзіл-оспақ шексіз болатынын бірден ескертті.

Smiley face

Фото: Yunews.kz

Бірінші сөзді кеш ұйымдастырушылары – «Yuwert IT» ЖШС директорлары Константин Злобенко, Ренат Хисамов және Александр Дьяков алды. Олар әзілкештерге сәттілік, ал қонақтарға жағымды кеш өткізуді тіледі.

Smiley face
Хисамов Ренат/Фото: Yunews.kz

Жаңа әзіл форматының өкілдері Қарағандыдағы аудиторияны сапалы контентпен күлкіге қарық қылды. Күлкі мен қошеметте шек болмады.  Іс-шара аяқталғанға дейін атмосфера қуанышты, көңілді болды.

Smiley face

Фото: Yunews.kz

Кеш бойы айтылған әзіл-сықақты бағалауда көрермендер бір пікірге келе алмады, ең соңында Yuwert компаниясының бас жүлдесі елордадан келген қонақтардың еншісіне тиді.

"Осылайша біз өнеркәсіптік Қарағанды елорданы қалай тамақтандыратынын көре аламыз", - деп әзілдеді жүргізуші.

Кеш соңында қонақтар суретке түсіп, би билеп және караокемен ән айтты.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Развлекательный Блог (@yu.vlog)

Smiley face
Фото: Yunews.kz


Көзі: yunews.kz