Ресейлік губернатор Астраханьдан Атырауға, Тегеран мен Ашхабадқа тікелей рейстер ашуды ұсынды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ресейлік губернатор Астраханьдан Атырауға, Тегеран мен Ашхабадқа тікелей рейстер ашуды ұсынды

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Астрахань облысының губернаторы міндетін уақытша атқарушы Игорь Бабушкин Астраханьдан Атырауға, Тегеран мен Ашхабадқа тікелей авиарейстер ашу қажеттілігі бар екенін мәлімдеді, және  тиісті елдердің билігінен қолдау көрсетуді өтінді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Бизнесті дамыту үшін уақыт факторы маңызды рөл атқарады. Бизнесмендердің өздері айтатындай, уақыт - ақша. Осыған байланысты Каспийде авиақатынасуды жолға қою маңызды мәселе болып табылады. Біз қазақстандық Ақтау қаласына және Бакуге  тікелей әуе рейстері бойынша жұмысты жолға қойдық, бұл іскерлік байланыстардың өсуіне алып келді. Астрахань-Ашхабад бағыты бойынша және Астрахань мен Тегеран, Астрахань мен Атырау арасында тұрақты рейстер ашуды ұсынамын", - деп мәлімдеді Бабушкин Түркіменстандағы Каспий экономикалық форумында сөйлеген сөзінде.

Ол бұл мәселеде Түркіменстан, Қазақстан мен Иран басшылығының қолдауына үміт артатынын айтты.


Көзі: yunews.kz