Алматыда "кеңселік" алаяқтықтың жаңа түрі анықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда "кеңселік" алаяқтықтың жаңа түрі анықталды

444

Smiley face

Алматы полициясы алдау және сенімге қиянат жасау арқылы қаланың жекеменшік кәсіпорындары бірінің кеңсе қызметкерлерінің мүліктерін жымқырып кеткен алаяқты ұстады.

Ол ойдан құрастырылған оқиғаларды айтып, кеңсе қызметкерлерінің сеніміне кірген, содан кейін техниканы жымқырған.

"Тек бір кеңсенің өзінде қаскүнем 2 күн аралығында құны 150 мың теңге болатын қымбат проектор, құны 250 мың теңге болатын фотоаппарат, құны 140 мың теңге болатын джойстикті  "Sony Playstation 4" ойын консолін және құны 40 мың теңге болатын "Samsung" маркалы  теледидарды ұрлап кеткен.  Сатылған тауарлар оған екі ай бойы "шалқып" өмір сүруге мүмкіндік берген,  ал ақша таусылған соң   ол қылмысын қайталауға бел шешкен: "Таугүл" шағын ауданында сенімге қиянат жасау арқылы құны 200 мың теңге болатын бейнепроекторды заңсыз иеленіп кеткен", - деп хабарлайды Алматы ПД баспасөз қызметі.

Тергеудің болжамы бойынша, алданған адамдар көп болуы мүмкін, осыған байланысты қазір азамат Б.-ның басқа қылмыстарға қатыстылығы мұқият тексерілуде. Күдіктіні таныған кезде хабарласу үшін полиция қызметкерлері өз байланыстарын хабарлайды: 298-53-70 және 298-53-71.


Көзі: yunews.kz