Атырау облысының тұрғыны жеке меншік оңалту орталығын ашады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырау облысының тұрғыны жеке меншік оңалту орталығын ашады

444

Smiley face

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту мәселесі Махамбет ауданының тұрғыны Мұхадияр Қуангереевке таңсық емес. 2006 жылы инсульт алғаннан кейін ол мүгедек. Алайда, спортшының рухы сынбаған (бұрын Мұхадияр Қуангереев кәсіби түрде күреспен айналысқан). Ол денсаулығын өз бетінше қалпына келтіріп қана қоймай, мүмкіндігі шектеулі адамдарға да көмектесуді шешті. «2017 жылы мен «Бастау» жобасы туралы білдім. Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының мамандары маған жобаның барлық артықшылықтарын түсіндірді, одан кейін мен бизнес негіздеріне оқудан өттім. Сондай-ақ, олар маған «ТШО» компаниясының «Жарқын» әлеуметтік кәсіпкерлік бағдарламасына қатысу үшін қажетті құжаттарды жинауға көмектесті. Алынған қаражатқа біз жұбайымызбен ғимаратты жалға алдық, жабдықтар сатып алдық және оны аштық.

Қазіргі уақытта спорт клубында үстел теннисі, дойбы, шахмат және тоғызқұмалақ ойындары бойынша секциялар жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі жандар санынан 45 ауыл тұрғыны клубқа тегін барып тұрады. Азаматтардың қалған санаты ақылы негізде спорт клубында уақыт өткізе алады. «Клубта мен таза символикалық төлем қойдым, бұл бір сағат ойын үшін 200, 300, 500 теңге. Алынған қаражатқа ғимарат үшін жалдау ақысын төлеймін. Кешкі уақытта балалар да, ересектер де ойнайды. Спортпен айналысу мүгедектерді оңалтуда өте көмектеседі, сондықтан біздің жобамыздың кеңеюі туралы ой пайда болды. Биылғы жылы мен «Бастау» бойынша оқудан өтіп, 1,8 млн теңге көлеміндегі мемлекеттік грантты жеңіп алдым. Бұл қаржыға мүмкіндігі шектеулі жандар үшін оңалту орталығын ашуды жоспарлап отырмын», дейді Мұхадияр Қуангереев.

Кәсіпкер жаңа жобаға ғимарат тауып алған. Жергілікті әкімдік оны Мұхадияр Қуангереевке тек коммуналдық қызметтерге ақы төлеген жағдайда ақысыз негізде береді. Қазіргі уақытта қажетті құжаттарды ресімдеу үдерісі жүріп жатыр. Кәсіпкер өзінің спорт клубын жаңа ғимаратқа көшіруді және массаж жасаушы мен дефектологты жұмысқа қабылдауды жоспарлап отыр.


Көзі: Yunews.kz