Шығыс Қазақстан облысында ер адам автокөлікті айдап кетіп, жол-көлік оқиғасына ұшырады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шығыс Қазақстан облысында ер адам автокөлікті айдап кетіп, жол-көлік оқиғасына ұшырады

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Шығыс Қазақстанда патрульдік инспекторлар қарақшылық шабуылды ашып, қаскүнемді ұстады. ШҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған азамат өзінің танысының үйінде болған, оны пышақпен қорқытып, байлап, жертөлеге  түсірген. Содан кейін жәбірленушінің барлық бағалы заттарын ноутбук, электрошокер, 6 дана әйел күміс сақинасын, «Опель» маркалы автокөлігінің құжаттарын және кілттерін ұрлап кеткен. Залал 1 300 000 теңгені құрады.

«Жедел-іздестіру іс–шаралары барысында патрульдік полиция қызметкерлері бұрын бірнеше рет сотты болған, тұрғылықты жері жоқ 44 жастағы азаматты ұстады. Ер адам жол-көлік оқиғасын айдап кеткен автомашинада жасаған. Ол патрульден қашып кетпекші болды, полиция әрекет етуінің арқасында тәртіп сақшысы күдіктіні ұстады», деп хабарлады полиция департаментінің  баспасөз қызметі.


Көзі: Yunews.kz