Қазақстандық әскери дәрігер халықаралық жарыста бірінші орынға ие болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық әскери дәрігер халықаралық жарыста бірінші орынға ие болды

444

Smiley face

Өзбекстандағы «Фориш» полигонында қазақстандық әскери дәрігерлер командасы әскери-медициналық эстафетада жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Кіші және орта медициналық қызметкерлер арасында жеке шеберлік бірінші кезеңі арнайы жерлерді көрсету бойынша жаттығуды және кедергілер жолағын еңсеруді қамтыды. Нәтижесінде әйелдер арасында жеке есепте бірінші орынды медицина қызметінің аға лейтенанты Ақбөпе Таңатарова иеленді, ерлер арасында медицина қызметінің аға лейтенанты Нұржан Қапезов ерекшеленді. Ол үшінші орынға ие болды.

Smiley face

Әскери дәрігерлер арнайы дайындық бойынша кезең шеңберінде жараланғандарға көмек көрсету және оны ұрыс алаңынан тасымалдау бойынша тапсырмаларды орындады. Атап айтқанда, жараланған адамға жақындау, сыртқы қан кетуді уақытша тоқтату, жараланған адамды тасымалдау, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу, алғашқы таңу және жауынгерді алаңнан шығару бойынша сынақтар өткізілді.


Көзі: Yunews.kz