Бензин таситын автокөлікпен төтенше жағдай: 75 адам қаза тапты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Бензин таситын автокөлікпен төтенше жағдай: 75 адам қаза тапты

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Танзанияның шығысында бензовозбен болған апат салдарынан қаза болғандар саны 75 адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті «Сitizen» газетіне сілтеме жасап.

Бензовоз аударылып, сенбі күні таңертең Морогоро қаласында өртенген. Куәгерлердің мәліметтері бойынша, бензовоз жүргізушісі мотоцикл жүргізушісімен соқтығысу салдарынан көлік аударылып кеткен. Көптеген жергілікті тұрғындар ағатын отынды жинауға тырысып қаза тапты. Танзания Президенті Джон Магуфули жексенбі күні елде үш күндік аза тұту жариялады. Жергілікті аурухананың өкілі Muhimbili National Hospital Аминиель Алигеша мәлімдегендей, ауруханада оқиға салдарынан зардап шеккен 39 адам қалып отыр


Көзі: Yunews.kz