Дінге сенушілерге Меккеде нөсер жауын жауған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Дінге сенушілерге Меккеде нөсер жауын жауған

444

Smiley face

Меккеде Сауд арабиясында өтетін мұсылман мерекесі құрбан шалу - Ид әл-Адха кезінде әдетте жауын-шашын болмайтын. Бірақ, биыл құлшылық кезінде нөсер жауын жауған, деп хабарлады Сауд Арабиясы жаңалықтар агенттігі метеорологиялық басқарманың ресми өкіліне сілтеме жасай отырып.

«Қасиетті жерлерде жауын жауып, желдің жылдамдығы сағатына 60 шақырымға жетті, ал ауа температурасы 26 градусқа дейін төмендеді», делінген метеобюро хабарламасында. Осы жылы Меккедегі ауа температурасы күндізгі уақытта 40 градустан асады. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Сауд Арабиясының Азаматтық қорғаныс басқармасы діндарларға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертті.

Twitter әлеуметтік желісінде жаңбыр салдарынан су астында қалуы мүмкін төменгі жерлерге барудан тартынуға шақыру жарияланды.


Көзі: Yunews.kz