Ақтөбе облысында магистратураға және докторантураға түсуші 572 тұлғаның ішінде 32 түсуші шекті балл жинады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтөбе облысында магистратураға және докторантураға түсуші 572 тұлғаның ішінде 32 түсуші шекті балл жинады

444

Smiley face

Фото : Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  басқармасы

Магистратураға тестілеуден адал және әділ өтуді қамтамасыз ету мақсатында арнайы мониторинг тобының мүшелері Тәттігүл Талаеваның төрағалығымен «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлерімен бірікті.

Ағымдағы жылдың 10-14 тамыз аралығында белсенді жұртшылық магистратураға және докторантураға түсу емтихандарының өту барысында бақылаушылар ретінде қатысады, олардың қорытындысы бойынша оқуға мемлекеттік гранттар бөлінеді. Тестілеу Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің базасында өтеді.

Үдерісті мониторингтеу арқылы жұртшылық мүшелері көпшілік арасында парасаттылық пен сатылмаушылық қағидаттарын енгізуді, сондай-ақ үдерістің объективтілігін қамтамасыз етуді қалайды.

Бұл бастаманың нәтижелері өз ауқымымен таң қалдырады. Мәселен, мониторингтің үш күні ішінде телефон пайдаланудың алдын ала тексерілгеніне қарамастан 616 смартфон тәркіленді, 29 талапкердің нәтижелері жойылды, ал 572 үміткердің ішінде  32 үміткер ғана шекті балл жинады.


Көзі: yunews.kz