Елордада иесіз қалған жануарларды тегін зарарсыздандырады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елордада иесіз қалған жануарларды тегін зарарсыздандырады

444

Smiley face

Нұр-Сұлтанда 1 тамыздан бастап үй жануарлыры мен иесіз қалған жануарларға тегін түрде кастрация және зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған шара бойынша 1800-ден астам ит пен мысықты зарарсыздандыру жоспарланған,  - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімідігінің сайты «Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-не сілтеме жасап.

 «Елордада қаңғыбас иттер мен мысықтардың көбеюін бақылау және олардың санын азайту мақсатында, иттер мен мысықтарды зарарсыздандыру және кастрациялау қызметтерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алу бойынша байқау жүргіздік, нәтижесінде «Византия» ветеринариялық медицина клиникасы» жеңімпаз болып, аталған ветеринарлық қызмет түрімен осы мекеме айналысатын болды – деді  «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ - нің басшы орынбасары Айдын Молдағалиев.

Өз үй жануарларын кез-келген  тұрғын тегін түрде зарарсыздандыра алады. Бұл қызметті алу үшін жануардың иесі ветеринарлық клиникаға жүгінуі қажет.

Бұл іс-шара астанада үш жылдан бері тұрақты жүргізіліп келеді.  2017 жылы иесіз қалған 4000 ит пен мысыққа зарарсыздандыру және кастрация жасалса, өткен жылы олардың саны 500 болды. Биыл 1800-ға жуық ит пен мысыққа аталмыш әдісті қолдану жоспарланған.


Көзі: yunews.kz