Елордада өтініштер берудің жаңа порталы іске қосылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елордада өтініштер берудің жаңа порталы іске қосылды

444

Қалалық iKOMEK109 мониторинг және жедел әрекет ету орталығы және BTS Digital компаниясы өтініш қабылдайтын жаңа  aitu.city порталын іске қосты, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайты.

Бірегей порталдың көмегімен елорда тұрғындары өздерінің ғана емес, сондай-ақ басқа да қоғамдық өтініштердің мәртебесін онлайн режимінде қадағалай алады.

Аitu.city  - бұл тіршілікті қамтамасыз ету, абаттандыру және қауіпсіздік, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қызметі мен жұмысы мәселелері бойынша өтініштер беруге арналған жаңа интернет-алаң.

Қазір портал елорда тұрғындары үшін ғана қолжетімді, алайда болашақта сервисті  еліміздің басқа да қалаларында іске қосу жоспарланып отыр.


Көзі: yunews.kz