Азаматтардың қарызы тамыз айының соңына дейін өтеледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Азаматтардың қарызы тамыз айының соңына дейін өтеледі

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Азаматтардың қарызын өтеу қашан және қалай жүргізілетіні туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев бүгін ҚР Үкіметінің отырысында айтып берді.

«Үкімет пен Ұлттық Банк банктермен және микроқаржы ұйымдарымен бірлесіп екі бағыт бойынша жұмыс жүргізуде. Біріншісі - халықтың әлеуметтік осал топтарының кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша 300 мың теңгеге дейін қарызын өтеу», - деп хабарлады ол.

Е.Досаев азаматтардың тізімдері бойынша берешек туралы ақпарат жинау бойынша жұмыс жүргізілгенін, төлемге тізім жасалғанын хабарлады.

«Қарызды өтеу ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін жүргізіледі. Азаматтарға банктер мен микроқаржы ұйымдарына жүгіну талап етілмейді, берешекті өтеу бойынша жұмысты кредиторлар дербес жүргізеді, одан кейін кредиторлар әрбір қарыз алушыға тиісті хабарлама жібереді», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Ол сондай-ақ, микроқаржы ұйымдары мен банктер берешектерді кешіруді жүзеге асырғанын атап өтті.

«Екіншісі - барлық қазақстандықтарға кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша 2019 жылдың 1 шілдесіне есептелген айыппұлдар мен өсімдерді есептен шығару. 30 шілдеге қарай банктер мен микроқаржы ұйымдары кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша айыппұлдар мен өсімдерді кешірді», - деді Е.Досаев.


Көзі: yunews.kz