Қазақстандық кинологтар халықаралық байқаудың қола жүлдесін жеңіп алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық кинологтар халықаралық байқаудың қола жүлдесін жеңіп алды

444

Smiley face

Фото ҚМ

Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің қызметтік ит шаруашылығының оқу орталығында «Верный друг» халықаралық кинологиялық байқауының салтанатты жабылу рәсімі мен «Верный друг» халықаралық кинологиялық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Верный друг» халықаралық кинологиялық байқауы Армиялық халықаралық ойындар аясында төртінші рет өткізіліп отыр. Осы уақыт ішінде оған Алжир, Беларусь, Қытай, Египет, Иран, Қазақстан және Өзбекстан командалары қатысты.

Smiley face

Ресей кинологтарының командасы бірінші орынға ие болды, екінші орынды Беларусь пен Өзбекстан командалары бөлісті, қазақстандық әскери кинологтар үшінші орынға ие болды. Байқаудың бас төрешісі генерал-майор Владимир Головачев жүлдегерлерді құттықтап, осындай ауқымды жарысқа командалардың қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Smiley face

Байқау аясында кинологтар өздерінің қызметтік иттерімен бес қиын кезеңнен өтті. Әскери қызметшілер атыс және дене дайындығы бойынша сайысты, иттердің қорғаныс қызметіндегі жұмысын, командалардың орындалуын және «кинолог-ит» тандемінде жұмыс істеуді көрсетті. Біздің елімізді әскери қызметшілер мен әскери полицияның қызметтік иттері таныстырды. Олар «Чемпиондар жарысы» кезеңінде ерекше көзге түсті. Әскери полицияның кинолог-ефрейторы Мағжан Жанабеков Арно лақап атты қызметтік итімен 1 600 метр жолды 6 минут 6 секундта жүріп өтіп, қалған қатысушыларды басып озып, атыс шебіндегі барлық нысаналарды дәлме-дәл атып түсірді. Судьялар, сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың өздері біздің әскери қызметшінің дене шынықтыру және кәсіби даярлығының жоғары деңгейін атап өтті.


Көзі: yunews.kz