Атырау облысында 700-ге жуық мұғалім жетіспейді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырау облысында 700-ге жуық мұғалім жетіспейді

444

Smiley face
Фото: nversia.ru

Атырау облысының білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратова жаңа оқу жылына арналған брифинг барысында осындай цифрларды келтірді.

Қазіргі уақытта облыста 10 828 мұғалім жұмыс істейді, олардың барлығы дерлік бір жарым ставка бойынша жұмыс істейді.

«Бізде оқытушылар құрамы арасында 213 зейнеткер бар, алайда кадрлардың жетіспеуіне байланысты олар жұмыс істеп жатыр.  Бүгінде бізде штат бойынша 472 мұғалім жетіспейді, ал егер зейнеткерлерді есепке алсақ, өңірде кем дегенде 700 педагог тапшылығы байқалады. Сұрақты жаңа мектептер салу, сондай-ақ Қазақстанның басқа аймақтарынан мұғалімдердің көшіп келуі  есебінен шешуге болады», - деді Жансұлу Төремұратова.

Биыл атыраулық мектептер көрші облыстардан, соның ішінде батыс аймақтардан келген 200 ұстазбен толығады.

Атырау облысында үш ауысымды оқыту енгізіледі: биылғы жылы мектептер 130 мыңнан астам оқушыны күтуде. Бұл проблеманы шешу үшін қазіргі мектептер қосымша құрылыстармен кеңейтіледі. Мәселен, жаңа оқу жылында төрт оқу орнында сабақ өткізу үшін қосымша блоктар пайда болды. Сонымен қатар, бес мектеп пайдалануға берілді, оның екеуі Атырауда және үшеуі облыстың аудандарында орналасқан.


Көзі: yunews.kz