Біз 800 млн доллар үнемдедік – Астана әкімі ЖРК туралы - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Біз 800 млн доллар үнемдедік – Астана әкімі ЖРК туралы

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл рельсті көлік салу бойынша жұмыстар жалғастырылғаны туралы  Үкімет отырысында  айтып берді.

"Барлық нормативтік-құқықтық актілер үкіметтік деңгейде және жергілікті атқарушы органдар деңгейінде қабылданды. Қазір екінші деңгейлі банктермен жұмыс жүргізілуде. Біз қытай қарызынан бас тартып, 800 млн АҚШ долларын үнемдедік", - деді А. Көлгінов.

Ол екі қарыз  алынғанын хабарлады.

"Біз Халық Банкімен 3%-бен 500 млн алуға келістік. Және "Бәйтерек"холдингімен 100 млн. теңгеге келістік. Бұл биылғы жылы жұмысты бастау үшін жеткілікті. Алдағы уақытта облигация шығару басталады, осы процедураның бәрінен өту керек, біз күн сайын осы мәселемен айналысамыз", - деп атап өтті елорда әкімі.


Көзі: yunews.kz