Ақтауда тестілеу кезінде екі жалған талапкер анықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтауда тестілеу кезінде екі жалған талапкер анықталды

444

Smiley faceМаңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің суреті

Ақтауда Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде кешенді тестілеу өтуде. Төрт күн бойы емтихан барысын Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері мен Арнайы мониторинг тобының  мүшелері қадағалайтын болады.

«10-14 тамыз аралығында 505 талапкер тестілеуден өтеді. Емтихан тапсырылатын үш залда бейнекамералар орнатылған, олардың көмегімен біздің қызметкерлер талапкерлерге бақылау жасайды. 12 тамыздағы жағдай бойынша 265 талапкер емтихан тапсырды. Тестілеу барысында мультимедиялық құралдарды алып кірудің 7 фактісі анықталды. Сондай-ақ, қабылдау комиссиясының мүшелері кірген кезде 2 жалған талапкер анықталып, олардың достары үшін емтихан тапсыруға келгендігі анықталды», - деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.

Анықталған фактілер бойынша тиісті актілер жасалды,  тәртіп бұзушылар тестілеу залынан шығарылды.


Көзі: yunews.kz