Қазақстан мектептерінің 44%-ы 1980 жылға дейін салынған - Аймағамбетов - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан мектептерінің 44%-ы 1980 жылға дейін салынған - Аймағамбетов

444

Smiley face

Үкімет сағаты барысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің жалпы білім беретін мекемелерінің жағдайы туралы ақпарат берді. Оның айтуынша, мектептердің 44%-ы 1980 жылға дейін салынған және күрделі жөндеуді қажет етеді.

Министр атап өткендей, жыл сайын мектептердің апаттылығы жергілікті атқарушы органдар тарапынан қаржыландырылмауынан артып келеді.

"Биыл 323 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, бұл жалпы қажеттіліктен 45% құрайды. 10 тамыздағы жағдай бойынша күрделі жөндеу 129 (40%) мектепте аяқталды, 194 мектепте (60%) жалғасуда", - деп хабарлады Аймағамбетов.

Күрделі жөндеуді аяқтау мерзімдерінің кешігуі елдің бірнеше өңірінде байқалды, алайда министр объектіге барғаннан кейін жұмыс қарқыны жеделдетілді. Бұрынғыдай, СҚО, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай және Атырау облыстарының 13 мектебінде жөндеу жұмыстары жүргізілмеу ықтималдығы қалып отыр.


Көзі: yunews.kz