Оңтайлы әдіс - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Оңтайлы әдіс

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Ендігі уақытта еңбек иммигранттары жұмыс істеуге рұқсатты үйден шықпай-ақ онлайн түрде ұзарта алады. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ  eGov порталында "Еңбек иммигранттарына рұқсат беру және ұзарту" жаңа мемлекеттік қызметінің іске қосылғаны туралы хабарлайды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Рұқсатты ұзарту үшін пайдаланушы МО АЖ-да (ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің орталықтандырылған автоматтандырылған деректер қоры) рұқсат нөмірін тексере алуы үшін "Электрондық үкімет" порталында рұқсат беру құжатының нөмірін және рұқсатты ұзарту мерзімін енгізу қажет. Егер деректер базасында бастапқы рұқсат табылатын болса, онда өтінім жұмыс берушіге келісу үшін жіберіледі. Содан кейін өтінім пайдаланушыға төлем жүргізу үшін жөнелтіледі. Төлем сәтті өткен жағдайда МП АЖ-дан жеке кабинетке рұқсатты ұзарту туралы анықтама келеді.

Қызметті алу үшін порталда авторлану керек, "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өтуіңіз, содан кейін өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен қол қою қажет болады.

Қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" жіберілген "Еңбек иммигрантының рұқсаты" анықтамасы болып табылады.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ - "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, мемлекеттік органдардың деректер қорында ақпаратты қауіпсіз сақтау үшін жауап береді.  Халықпен, яғни клиенттермен қызмет бұл – «Электрондық үкімет» (egov.kz), «Ашық үкімет» (open.egov.kz) порталдары, mGov.kz қосымшасы, Телеграм бот @EgovKzBot және ҚР 1414 Бірыңғай байланыс орталығы.


Көзі: yunews.kz