Балалар алты жастан бастап мектепке барады - Аймағамбетов - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Балалар алты жастан бастап мектепке барады - Аймағамбетов

444

Smiley face

Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баланың мектепке қай жаста бару керектігін айтты.

Министрдің айтуынша, баланың біліміне қойылатын белгілі бір талаптар жоқ.

"Сондықтан балалар бірінші сыныпта әріптерді, оқуды, есепті, жазуды және т.б. зерделейді", - деп түсіндірді министр.

"Алты жасқа келетін болсақ, заң нормасы бар. Ал мен министр, мемлекеттік қызметші ретінде бұл норманы сақтамауға болады деп айта алмаймын. Сондықтан алты жастан бастап балалар мектепке барады, бірақ бұл ата-ананың құқығы. Бала алты жасында мектепке келмегені үшін айыппұл жоқ. Сәйкесінше ешкім ешкімге айыппұл сала алмайды", - деді Аймағамбетов.


Көзі: yunews.kz