Шығыс Қазақстанда көмір жанып жатыр - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шығыс Қазақстанда көмір жанып жатыр

444

Smiley face

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое  ауданында бір апта ішінде көмірдің өздігінен жануының 7 оқиғасы орын алды. Зардап шеккендер Майкөбенің қоңыр көмірін маусым айының басында сатып алғанын айтты. Нәтижесінде 7 оқиғаның алтауында өрт сөндірушілер ауыл тұрғындарының шаруашылық үй-жайларын аман алып қалды. Белоусовка кентінде көмірдің өздігінен жануына байланысты көмір қойма, монша және электр бағанасы отқа оранды.

Smiley faceФото: ШҚО ТЖД

"Көмірдің өздігінен жануы - бұл заттың өзінде үздіксіз дамып келе жатқан тотығу реакциялары нәтижесінде көмірдің тұтануы. Көмірдің тотығуы нәтижесінде алдымен температураның жоғарылауы орын алады. Егер температура сыни мәнге жетсе, онда өздігінен қызу көмірдің өздігінен жануына әкеледі. Бұл көмірді дұрыс өндірмеу, технологиялық өндіру мен сақтаудың бұзылуы салдарынан орын алады",-деп түсіндірді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Smiley faceФото: ШҚО ТЖД

Ал Семейде қала тұрғындарынан көмірді жаз мезгілінде сатып алуды өтінеді, бұл күзгі кезеңдегі дүрлікпенің алдын алуға байланысты. Ал бұның қаншалықты қауіпсіз екендігін ТКШ бөлімінде ешкім нақтыламады. Қалалық ақпараттық орталықтың мәліметі бойынша,  Семейде көмірдің бір тоннасының құны 7400 теңгені құрайды, бұған тасымалдау шығындары кірмейді.

Smiley face

Smiley faceФото: ШҚО ТЖД


Көзі: yunews.kz